Пікірлер және ұсыныстар

Барлық ақпарат құнды жəне өзекті, сұрақтар туындаған жағдайда тез арадағы кері байланыс жүйесі бар, маған ұнады.

Тамара,
атқарушы директор

Демо-турдан өттім, бəрі ойдағыдай. Қолданғаннан кейін дереу өз серіктесіме ұсындым.

Александер,
директор

... негізгі индикаторлар енді 1-2 рет шерткенде-ақ ашылады. Мені ең көп қуантқаны - «Индикаторлар» бөліміне сайттың негізгі терезесін жаппай жылдам кіруі, бұл мысалы, ЖІӨ және импорт немесе қандай да бір құрылыс материалын өндіру динамикасы мен тұрғын үйді пайдалануға беру көлемдері сияқты бірнеше көрсеткіштерді салыстыру қажет болғанда уақыттан нақты ұтуды қамтамасыз етеді. >>>

Максим Боровиков,
Аналитика бөлімінің жетекшісі

Сіздің ақпараттар қорыңыз қазір ғана маған 550000 теңгемді үнемдеп берді. Бизнесжоспарға тапсырыс берейін дегенде сіздердің сайттарыңыздан маған жетіспейтін барлық ақпаратты таптым. Рахмет!

Д.О.,
Кәсіпкер

Шынымен де Қазақстандағы тауар айналымы бойынша барлық ақпарат қолжетімді, жылдам және өзекті.

Наталья,
Журналист

Сондай жылдам әрі қолайлы ақпараттар қоры үшін Сіздерге алғысымды білдіремін. Өткізу нарығын іздеп табу сіздердің сайтыңызбен 100 есе жылдам. Сіздерге тағы да үлкен алғыс, сіздер  шынында да уақытты үнемдеуге көмектесесіздер!

Irina,
Маркетинг пен PR бойынша директор

Мен үшін экспорт-импорт бағытында өндірісті дамыту мақсатында экспорт-импортты сэндвич-панелде зерттеуге ақпарат (өндірісті құру үшін технико-экономикалық негіздемені жасау үшін қажет) іздеп табу маңызды болды, алайда осындай ақпарат басқа еш жерде табылмады. Ондай ақпараттар қоры бізде өте жұтаң шығар, немесе онымен ешкім дұрыс айналыспайды. Сіздер бұл мәселе бойынша осындай ақпаратты, сонымен қатар, СЭҚТН кодын берген жалғыз компания. Мүмкін басқа да ақпарат көздері бар шығар, алайда өзімнің сұрауым бойынша (кеденнің ресми сайтында да) ештеңе таппадым.

Виктор,
Экономист

А) Барлық тіркелген заңды тұлғалар ҚР-сының тауар айналымы жайлы соншама көп өзекті ақпарат алуға болатын маған белгілі жалғыз ақпараттар қоры . Б) Расында да тиімді баға. В) Өтінемін, баға стратегиясын өзгертпеңіздерші!!!

Еркін,
Маркетолог

Мен өзіме қызықтыратын барлық ақпаратты таптым. Импорт/экспорт бойынша 2014 жылдың желтоқсан айына жаңартуларды күтемін. Міндетті түрде қолданамын.

Артём,
директор

Сіздер менің күткенімнен де асып түстіңіздер, сіздерден тек заңды тұлғалардың барлық базасын ғана емес, сонымен бірге, ішіндегі тек белсенділерін де табуға болады екен. Бұндай басқа еш жерде жоқ, тым болмағанда рунет пен казнет кеңістігінде. Енді мен сіздермен біргемін!

Тимур,
маркетолог

Маған өңірлер бойынша бір жыл ішіндегі барлық жаңа кәсіпорындар қажет болды. Сіздер маған өте көп көмектестіңіздер. Нақты мақсаттар бар, сіздер айтқандай – әрекет етеін кез келді! Сіздерге табыс тілеймін!

Нұрбек,
жеке кәсіпкер

Мен ҚР тауар айналымы жайлы бірнеше жылға деректерді өте жылдам таптым. Рахмет. Алған беттеріңізден қайтпаңыздар.

Мариана,
маркетолог

Ақпаратты есеп берулерді, мерзімді есеп берулерді оқимын. Өзекті және қолжетімді ақпаратқа алғысымды айтамын.

Асель,
ЖК

Енді интернетте ұзақ уақыт ақпаратты түрлі мемлекеттік ұйымдардың сайттарынан іздеп, қолмен санап отырудың қажеті жоқ. Мен барлығын да тез таптым. Бұрын оған апталап уақыт кететін! Сіздер жарайсыздар!

Михаил,
директор

Сіздерге үлкен рахмет, игі іс жасап жатырсыздар, табыс тілеймін!

Бауыржан,
директор

Kazdata консалтинг саласындағы мамандарға жұмыстарын айтарлықтай жеңілдетеді. Шындығында, kazdata сайты менің жұмысымда күнделікті көмекшім болды – ҚР статистика бойынша Агенттік сайтын немесе кедендік бақылау Комитеті сайтын жеке кіріп отыру, көптеген жинақтар мен бюллетендерді жүктеудің  қажеті жоқ – kazdata-да мен өз бетімен маған қажет деректерді іріктеп тек соны ғана жүктеймін .

Borovikov Maksim